«129 млн жымқырған»: Қызылордадағы инфекциялық аурухана бір кереуетті 1,2 млн теңгеге сатып алған
Қаржылық мониторинг агенттігі мен Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігі мен Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Тергеу мәліметіне сәйкес, аурухананың бас есепшісі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін теріс пайдалану арқылы заңсыз әрекетке барған. Ол медициналық кереуеттер жеткізуге арналған тендерді қолдан ұйымдастырып, жұбайының атынан дайындалған жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдаланған.
Соның нәтижесінде, нарықтағы бағадан үш есе қымбат көрсеткішпен келісімшарт жасалып, 259 миллион теңге сомасына ЖШС-пен шартқа қол қойылған. Құжат бойынша 220 кереует сатып алынуы тиіс болған.
Қылмыстық іс материалдарында бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген. Алайда, нақты нарықтағы құны 460 мың теңгеден аспайтыны анықталған. Бұл – үш есеге дейінгі баға айырмашылығын білдіреді.
Осы әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 129 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.
Тергеу барысында күдіктілердің жалпы құны 111 миллион теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.
Қазіргі уақытта аурухананың бас есепшісі екі ай мерзімге қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·