Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

«3 гектар жердің құны 600 мың доллар»: қазақтың жерін қытайлық блогерлер ашық жарнамалай бастады (видео)

Қытайлар қазақтың жерлерін өз елдерінің кәсіпкерлеріне ашық жарнамалай бастады. Тіптен олар жердің қаншаға сатылатынын, қай жерден алуға болатынын да ашықтан ашық, еш қысылмастан айтып келеді. Ашық жарнама TikTok платформасында Алматы облысындағы жер телімдерін жарнамалап, сатылы

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«3 гектар жердің құны 600 мың доллар»: қазақтың жерін қытайлық блогерлер ашық жарнамалай бастады (видео)

Қытайлар қазақтың жерлерін өз елдерінің кәсіпкерлеріне ашық жарнамалай бастады. Тіптен олар жердің қаншаға сатылатынын, қай жерден алуға болатынын да ашықтан ашық, еш қысылмастан айтып келеді. Ашық жарнама TikTok платформасында Алматы облысындағы жер телімдерін жарнамалап, сатылымға шығарған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

«Мынау Алматы–Қапшағай тас жолы бойындағы жер. Алдынғы жақта казино қаласы. Қазір сатылымда 3 гектар өнеркәсіптік жер бар. Ол дәл осы тас жол бойында орналасқан. Бұл жердің артында теміржол, алдында – тас жол. Орналасқан жері өте тиімді. Жердің бағасы – 600 мың доллар. Құрметті кәсіпкерлер, бұл – Алматы маңындағы казиноның жанындағы 3 гектар жер», - деген қытайлық блогерлер. 

Журналист әрі қоғам белсендісі Ораз Әлімбек әлеуметтік желілерде қазақ жеріне қатысты алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, бұл қауіпті көрініс. Ал бақылаудың жоқтығынан осындай жарнамалар көбейіп кеткен.

«TikTok-та қытайлар қазақтың жерін жарнамалап жүр. Бұған экономикалық тұрғыдан кім жауап береді? Қапшағай теңізінің оңтүстік-батыс жағы мен Қонаев–Алматы күре жолының айналасындағы жерлердің бағасы жарияланып, қытай тілінде сатылымға ұсынылып жатыр. Әкімдікті айналып өтіп, енді қазақ жерін TikTok блогерлері сатуға көшкен бе?! Журналистер сол видео бойынша Алматы облысы әкімдігінен нақты түсініктеме ала алмады. Әкімдік тек Жер кодексіндегі жалпы мәліметтерді қайталаудан аса алмады. Өкінішті…», – деп жазды ол.

Ораз Әлімбек пен жергілікті журналистердің айтуынша, бұл жағдай Қазақстандағы жер мәселесінің өзекті екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Әлеуметтік желілердегі жарнамалар жергілікті билік пен қоғам тарапынан бақылауды қажет етеді, өйткені қазақ жерінің ұлттық мүдде тұрғысынан қорғалуы басты мәнге ие.

Похожие материалы

«3 гектар жердің құны 600 мың доллар»: қазақтың жерін қытайлық блогерлер ашық жарнамалай бастады (видео) · Todayinfo