Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«20 миллионнан сәл жоғары»: Энергетика министрі қанша жалақы алатынын ашық айтты

Фото: Үкімет Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов Мәжіліс кулуарында декларацияда қанша кіріс көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Брифинг кезінде Ерлан Ақкенжановке бұрын тапсырған табыс декларациясы туралы сауал қойылды. Министр қосымша та

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«20 миллионнан сәл жоғары»: Энергетика министрі қанша жалақы алатынын ашық айтты
Фото: Үкімет Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов Мәжіліс кулуарында декларацияда қанша кіріс көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Брифинг кезінде Ерлан Ақкенжановке бұрын тапсырған табыс декларациясы туралы сауал қойылды. Министр қосымша табысы жоқ екенін, тек жалақысы бойынша декларация тапсырғанын айтты. Журналист жалақының нақты мөлшерін сұрады. Осылайша декларацияда көрсетілген табысты министр атаған айлық мөлшерін салыстырмақ болды.
“Айына 1 миллион 200 мың теңге жалақы аламын”, — деді министр.
Журналист министрдің сыйақы алғанын нақтылап, декларацияда көрсеткен соманы айтуын сұрады.
“Бізде сыйақы төлемдері бар, олардың бәрі көрсетілген. Шамамен 20 миллион теңгеден сәл асады”, – деп министр жылдық табысын ашық айтты.
Ол бұл сомаға тек жалақы мен сыйақылар кіргенін атап өтті.

Похожие материалы

«20 миллионнан сәл жоғары»: Энергетика министрі қанша жалақы алатынын ашық айтты · Todayinfo