Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

2025 жылы бюджеттен LRT құрылысына 300 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды

Фото: GTS Бірінші несие бюросының дерегінше, биыл LRT құрылысына мемлекеттік бюджеттен 329,6 миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 11 айдың қорытындысы бойынша әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT учаскесінің құрылысы

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
2025 жылы бюджеттен LRT құрылысына 300 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды
Фото: GTS Бірінші несие бюросының дерегінше, биыл LRT құрылысына мемлекеттік бюджеттен 329,6 миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 11 айдың қорытындысы бойынша әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT учаскесінің құрылысына республикалық бюджеттен 329,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қаржыландырудың айтарлықтай артқанын көрсетеді: 2023 жылы – 52,4 миллиард теңге; 2024 жылы – 28,4 миллиард теңге. Қаражат Ұлттық қордан мақсатты трансферттер түрінде берілді. Сонымен қатар, LRT құрылысына жұмсалған шығындар республикалық бюджеттің көлік және коммуникациялар саласына арналған шығындарының дерлік үштен бір бөлігі болды.

Похожие материалы

2025 жылы бюджеттен LRT құрылысына 300 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды · Todayinfo