Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

21 жастағы Нұрайдың өлімі: Шымкенттік полицейлер салғырттығы үшін жазаланбақ

Шымкент қаласында қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу үшін орталық аппараттан мамандар жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. – Нұрайдың өліміне күдікті адам қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, сот-медициналық сараптамалар ж

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
21 жастағы Нұрайдың өлімі: Шымкенттік полицейлер салғырттығы үшін жазаланбақ
Шымкент қаласында қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу үшін орталық аппараттан мамандар жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
– Нұрайдың өліміне күдікті адам қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, сот-медициналық сараптамалар жасалады. Күдікті соттың санкциясымен екі айға қамалды. Осы қылмыстық іс аясында істің барлық мән-жайы жан-жақты, толық, объективті зерттеледі, – деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол Шымкент қаласы департаментінің жедел-тергеу тобы аталған іске қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатқанын айтты.
– Осы қылмыстық іс бойынша Шымкентке орталық аппараттың тәжірибелі басшыларының тобы жіберілді. Олардың арасында бұл Криминалдық полиция департаменті, Тергеу департаментінің мамандары қамтылды. Тергеу барысын ерекше бақылауда ұстап тұрмыз, – деді министрдің орынбасары.

Похожие материалы

21 жастағы Нұрайдың өлімі: Шымкенттік полицейлер салғырттығы үшін жазаланбақ · Todayinfo