Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

232 жолаушы болған: Үндістанда алып лайнер апатқа ұшырады

Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Ахмадабад әуежайы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 232 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат әлі нақты емес, деп хабарлайды Todayinfo ВВС -ге сілтеме жасап. Flight Radar мәліметінше,

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
232 жолаушы болған: Үндістанда алып лайнер апатқа ұшырады
Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Ахмадабад әуежайы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 232 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат әлі нақты емес, деп хабарлайды Todayinfo ВВС-ге сілтеме жасап. Flight Radar мәліметінше, апатқа ұшыраған AI171 рейсі Лондонның Гэтвик әуежайына бағыт алған. Бұған дейін ұшақ Англияның Бирмингем қаласына ұшпақ болғаны айтылған. Үндістанның азаматтық авиация басқармасының басшысы Фаиз Ахмед Кидвай ұшақтың Ахмадабад маңындағы Мегани Нагар деп аталатын тұрғын ауданына құлағанын растады. Flight Radar қызметінің мәліметінше, Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы жергілікті уақытпен 09:50-де ұшуы керек еді, бірақ 10:06-да әуеге көтерілген. Бірнеше секунд өткен соң, ұшақ сигналы жоғалып кеткен. Үндістанның азаматтық авиация басқармасы пилоттардың диспетчерлерге төтенше жағдай туралы хабарлама жібергенін, бірақ одан кейін ұшақпен байланыс үзілгенін мәлімдеді. Лайнер әуежай периметрінен тыс жерде құлаған. Үндістанның авиация министрі Рам Мохан Наиду Кинджарапу барлық авиациялық және төтенше қызметтерге құтқару шараларын шұғыл түрде ұйымдастыру туралы тапсырма бергенін айтты. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. BBC тілшісі Рокси Гагдекардың мәліметінше, әуежай маңындағы барлық жолдар жабылып, өрт сөндіру және медициналық көмек көрсету шаралары жүргізілуде. Құтқарушылар зардап шеккендерді эвакуациялауды бастағанымен, ресми түрде құрбандар саны туралы ақпарат жарияланбады. Фото: АР

Похожие материалы

232 жолаушы болған: Үндістанда алып лайнер апатқа ұшырады · Todayinfo