Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

-3 градусқа дейін үсік жүреді, қар жауады: Бүгін ауа райы қалай құбылады

Фото: unsplash Қазгидромет 3 қазанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі

Автор Айғаным Нариманова··3 мин чтения
-3 градусқа дейін үсік жүреді, қар жауады: Бүгін ауа райы қалай құбылады
Фото: unsplash Қазгидромет 3 қазанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түнде 03 қазанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады. облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде топырақ үстінде 3 градус үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде кей уақыттарда тұман түседі. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік жүреді. Талдықорғанда түнде 1-3 градус үсік жүреді. Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Похожие материалы

-3 градусқа дейін үсік жүреді, қар жауады: Бүгін ауа райы қалай құбылады · Todayinfo