Todayinfo.kz
Восточно-КазахстанскаяСмотреть все материалы

Қытайда Шығыс Қазақстанның көлік-логистика және инвестициялық жобалары талқыланды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытайға жұмыс сапары барысында бірнеше кездесу өткізді.

Автор Todayinfo Admin··1 мин чтения
Қытайда Шығыс Қазақстанның көлік-логистика және инвестициялық жобалары талқыланды

Алдымен Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаярмен жүздесіп, Өскемен – Баян-Өлгей бағыты бойынша әуе рейсінің іске қосылуының маңызын атап өтті. Бұл бастама қос тарап үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Сонымен қатар облыс әкімі Зайсан мен Катонқарағайда екі әуежайдың құрылысы жүріп жатқанын, жол және логистика бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын сөз етіп, Нямтайширын Номтойбаярды Шығысқа шақырды.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 17.52.30.jpeg

Ал Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алтай округі Халық Үкіметінің басшысы Кәрімбек Мұхтармен кездесуде Шығыс Қазақстанның әлеуетін жан-жақты таныстырды. Бүгінде Үлбі металлургиялық зауыты бериллий өндірісі бар әлемдегі үш кәсіпорынның қатарына кіреді. Бұл – ТМД елдеріндегі тантал өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын, атом электр станциялары үшін уран отынын өндіретін бірегей өндіріс орны. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан — өсімдік майы, бал және марал пантысы өндірісі бойынша елде көшбасшы.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 17.52.30 (1).jpeg

«Екі ел басшыларының достық қарым-қатынасының арқасында кәсіпкерлер мен туристерге қажетті жағдайлар жасалуда. Осындай халықаралық іс-шаралар аясында өңірімізге инвесторларды шақырамыз. Оларға барлық қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз. Ынтымақтастығымыз жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, бірлескен бастамалар стратегиялық әріптестікті дамытуға негіз болады деп сенемін», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кәрімбек Мұхтар өз сөзінде өзара достыққа өте жоғары мән беретіндерін айтып, Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимнің арқасында серіктестіктің күшейе түскенін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 17.52.31 (2).jpeg

Бұдан соң облыс әкімі Jinlu Environmental Technology Co.,LTD және Fuyun County Civil Explosive Materials Sales Co., Ltd. сынды қытайлық компаниялар өкілдерімен B2B форматында келіссөз жүргізді. Онда балық шаруашылығы өнімдерін экспорттау, Өскеменде қоқыс сұрыптау және көлік құрастыру зауыттарын салу бағытында бірлесе жұмыс істеу мүмкіндіктері талқыланды.

Похожие материалы

Қытайда Шығыс Қазақстанның көлік-логистика және инвестициялық жобалары талқыланды · Todayinfo