«Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Creditum» МҚҰ, «Sofi Finance» МҚҰ, «Hava Finance» МҚҰ, «SF Offline» МҚҰ, «POS Credit» МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда. Аталған МҚҰ-дардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті, оларға келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құрайды.Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған. Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған. Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды», – делінген ҚМА хабарламасында.Қазіргі таңда МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынған. Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды. Ал қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.
30 млрд теңге шығынға батырған: МҚҰ ұйымдастырушы қамауға алынды
Алматыда заңсыз Микро қаржылық ұйымдардың ұйымдастырушыларының 32 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді. «Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қалалық прокурат

Алматыда заңсыз Микро қаржылық ұйымдардың ұйымдастырушыларының 32 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Похожие материалы

Новости
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·