Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды

Қақаған қыста ол атпен адамдарды емдеуге барған.

Автор Айдар Керім··1 мин чтения
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
📷 ашық дереккөз

Жуырда ғана ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қолынан Қытайдың ең жоғарғы марапатын алған қазақ үндеу жасады. Оқас Сүлеймен ақсақал барша қазақ жұртына алғыс білдіріп, аманатын жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталының Қытайдағы тілшісі.

Ардагер дәрігердің сөзінше, ол қыстың аязында да атпен барып, адамдарды емдеген. Тіптен қатал табиғат та оған тосқауыл бола алмаған. Дәрігер барша балаларға үлгіл боларлық үндеу жолдады.

"Өздеріңнен мың шақырым жырақта болсам да менің көңілім өздеріңмен бірге. Мен Шағантой ауданынан Оқас аталарыңмын. Мен 40 жыл сахарада ат мініп, қандай қақаған аязда өмірімді адал кәсіпке арнадым. Өздеріңдей 3200 сәби баланың аман-есен дүниеге келуіне себепші болдым. Мен өзгелерге жылу сыйладым.

Адам болу керек деген ұғымды жаныма берік сақтадым. Сендердің кең сахарада тай-құлындай асыр салып, алаңсыз ойнауларыңды тілеймін. Сендер батыр бабаларыңның ұрпағысыңдар", - деді Оқас Сүлеймен.

Похожие материалы