Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«5-10 мың теңгенікі емес»: Қарақат Әбілдина Сара Тоқтамысоваға қымбат сый тарту етті

Қызылорда қаласында өткен айтыста ақын Сара Тоқтамысова ұзақ үзілістен кейін сахнаға оралып, бас жүлдеге ие болды. Бұл жетістікті өнер иесі достарымен атап өтіп, қыз-келіншектердің басын қосты,деп хабарлайды Todayinfo. Танымал әнші Қарақат Әбілдина Сара Тоқтамысованы жеңісімен құ

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«5-10 мың теңгенікі емес»: Қарақат Әбілдина Сара Тоқтамысоваға қымбат сый тарту етті
Қызылорда қаласында өткен айтыста ақын Сара Тоқтамысова ұзақ үзілістен кейін сахнаға оралып, бас жүлдеге ие болды. Бұл жетістікті өнер иесі достарымен атап өтіп, қыз-келіншектердің басын қосты,деп хабарлайды Todayinfo. Танымал әнші Қарақат Әбілдина Сара Тоқтамысованы жеңісімен құттықтап, оған дизайнерлік тақия мен камзол, сондай-ақ шапан сыйлады.
«Сараның қатысатын айтысына киіп шығатын тақия мен камзол әкелдім. Өзі бидай өңді, жарасады деп ойлаймын. Ерекше заттарды жақсы көретіндіктен, 5-10 теңгенің дүниесін сыйлағым келмеді», – деді әнші.
Сондай-ақ ол Сара Тоқтамысованың өзі де киім дизайнері екенін айтып, «Сараның сандығынан» алынған көйлекпен айтысқа шығып, жеңіске жетуіне тілек білдірді. Айтыскер ақын алған сыйына ризашылығын білдіріп:
«Айтыстағы жүлдеммен құттықтап әкелген сыйлығымды қараңыздаршы! Қандай әдемі! Сахнаға әдемілеп киіп шығамын, бұйырса», – деп бөлісті.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)

Похожие материалы

«5-10 мың теңгенікі емес»: Қарақат Әбілдина Сара Тоқтамысоваға қымбат сый тарту етті · Todayinfo