5 балл: Түркияның оңтүстігінде тағыда қауіпті жер сілкінісі болды
Түркияның оңтүстігінде Адана провинциясында 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo. Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, Астана уақыты бойынша сағат 22:07-де Қозан ауданында жер сілкінген. Жер сілкінісінің эпицентрі шамамен

Түркияның оңтүстігінде Адана провинциясында 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo.
Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, Астана уақыты бойынша сағат 22:07-де Қозан ауданында жер сілкінген.
Жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 20 шақырым тереңдікте орналасқан. Зілзала салдарынан зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат түспеген. Еске салайық, Түркияда 2023 жылдың 6 ақпанында жер сілкініп, салдарынан 11 қаласы қираған еді. Аппаттың кесірінен 50 мыңға жуық адам көз жұмды.



