Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«50 балмен грант алды, ал мен 110 балмен — жоқ»: Әлеуметтік желідегі дау тоқтамай тұр

7 тамыз қазақстандық мыңдаған талапкер үшін қуанышты күн болса, кейбірі үшін үлкен үміт күйреумен аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Әлеуметтік желілерде грантқа ілінбегендер өз ренішін ашық жазып, бейнежазбалар жариялауда. Бір қолданушының айтуынша, оның әпкесі 110 балл жина

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
«50 балмен грант алды, ал мен 110 балмен — жоқ»: Әлеуметтік желідегі дау тоқтамай тұр

7 тамыз қазақстандық мыңдаған талапкер үшін қуанышты күн болса, кейбірі үшін үлкен үміт күйреумен аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Әлеуметтік желілерде грантқа ілінбегендер өз ренішін ашық жазып, бейнежазбалар жариялауда. Бір қолданушының айтуынша, оның әпкесі 110 балл жинаса да грантқа түсе алмаған, ал кейбірі 50 балмен оқуға қабылданған.

Мұның себебі — мемлекет жыл сайын кадр тапшылығы бар басым бағыттарға көбірек грант бөледі. 2025-2026 оқу жылында педагогикаға — 13 мыңнан астам, инженерлік-техникалық мамандықтарға — 19 мыңға жуық грант бөлінген. Сол себепті аз балл жинаған талапкер де сұраныс жоғары мамандыққа түсіп кетуі мүмкін.

Кейбір желі қолданушылары бір-біріне кеңес беріп, қыркүйекте бос қалған гранттарды қайта бөлу, жергілікті әкімдіктер мен университеттердің ректорлық гранттарына өтініш беру жолдарын ұсынуда.

Мәселен, 2025 жылы жоғары оқу орындары 2 мыңнан астам ректорлық грант бөлген. Алматы әкімдігі — 850, Маңғыстау облысы — 320 грант ұсынды. «Қазақстан халқына» қоры 500 грант бөледі. Сонымен қатар ұлттық компаниялар инженерия, IT, энергетика сияқты салаларға оқу ақысын қаржыландырады.

@boko_7 #грант #сенім ♬ оригинальный звук - angel🪽

Похожие материалы

«50 балмен грант алды, ал мен 110 балмен — жоқ»: Әлеуметтік желідегі дау тоқтамай тұр · Todayinfo