Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

50 жас өзгеше: Мұхаммеджан Тазабек туған күнінде кімдер құттықтағанын айтып мақтанды 

Белгілі қоғам қайраткері, ақын және публицист Мұхаммеджан Тазабек 50 жасқа толды. Өзінің айтуынша, бұған дейін туған күнін атап өтуді маңызды санамағанымен, бұл жолғы "ердің жасы" — ерекше мәнге ие,деп хабарлайды Todayinfo. «Аллаға шүкір, бүгін сол биікке көтерілдім. Аз-кем өмірл

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
50 жас өзгеше: Мұхаммеджан Тазабек туған күнінде кімдер құттықтағанын айтып мақтанды 

Белгілі қоғам қайраткері, ақын және публицист Мұхаммеджан Тазабек 50 жасқа толды. Өзінің айтуынша, бұған дейін туған күнін атап өтуді маңызды санамағанымен, бұл жолғы "ердің жасы" — ерекше мәнге ие,деп хабарлайды Todayinfo.

«Аллаға шүкір, бүгін сол биікке көтерілдім. Аз-кем өмірлік түйгенімді “Енді айтуға болады” атты кітабымда жаздым», — деп бөлісті ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қоғам және мәдениет қайраткерлерінен құттықтаулар

Туған күн иесін құттықтаушылар қатарында қоғам мен мәдениет қайраткерлері, өңір басшылары мен ел ағалары бар. Таңертеңнен бастап келіп түскен лебіздер арасында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің хаты да бар. Мұхаммеджан Тазабек оған ерекше алғыс білдіріп өтті.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та ақжарма тілегін арнап, шығармашылыққа қолдау білдірді. Аймақтың рухани және мәдени дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Елбасынан ризашылыққа толы құттықтау

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан да арнайы құттықтау келіп түсті. Ақсақалдық батасы мен жүрекжарды тілегі ақынның көңілін тебіренткенін жасырмады.

Халықаралық қорлар мен рухани ағалардан ізгі тілектер

Сондай-ақ, Дінмұхамед Қонаевтың халықаралық қоры да ақ тілектерін жеткізді. Мұхаммеджан Тазабек бұл жандардың әрқайсысына жүрекжарды алғысын білдіріп, “Маған не тілесеңіздер, Алла сіздерге еселеп қайтарсын”, — деп түйіндеді.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Muhamedzhan Tazabek - ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)

Похожие материалы

50 жас өзгеше: Мұхаммеджан Тазабек туған күнінде кімдер құттықтағанын айтып мақтанды  · Todayinfo