67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі
Алматы облысында республикалық маңызы бар «Қонаев–Күрті» автомобиль жолының 0–67 шақырымдық учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның мердігері – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС, ал инженерлік қызметті SP «Egis International» және «CS Consultants» компаниялары қамтамас

Алматы облысында республикалық маңызы бар «Қонаев–Күрті» автомобиль жолының 0–67 шақырымдық учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның мердігері – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС, ал инженерлік қызметті SP «Egis International» және «CS Consultants» компаниялары қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Қазіргі уақытта төрт жолақтың екеуі толық аяқталды. Ұзындығы 66,7 шақырымдық учаскеде жолдың негіздемесінен бастап жоғарғы қабатына дейінгі жұмыстар толығымен біткен. Қалған екі жолақта:
•40 шақырымда жолдың негізі жасалды;
•36 шақырымға асфальтбетонның бірінші қабаты төселді;
•Ал 21 шақырымға қиыршық-мастикалық асфальтбетонның соңғы қабаты салынды.
Жоба тұрақты бақылауда. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы жыл басынан бері аталған нысанға үш рет тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 24 құрылыс материалы сынақтан өткізіліпті, ал оның 9-ы белгіленген талаптарға сәйкес болмай шықты. Қазіргі таңда мердігер ұйым анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыс атқарып жатыр.
Айта кетейік, бұл жоба өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және жолаушылар мен жүк тасымалының сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек. Аталған нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Похожие материалы

Алматинская область
Қонаев қаласының әкімі «Славян базары» байқауының жеңімпазы Ақерке Амалятты қабылдады
Жаннұр Еділбаева·

Алматинская область
Қайыңды көліне апаратын автожол құрылысы тамыз айында аяқталады
Жаннұр Еділбаева·

Алматинская область
Цинхай и Алматинская область укрепляют партнерство: туризм, «зеленые» технологии и новые инвестиционные проекты
Айдар Керім·

Алматинская область
Экспорт Алматинской области превысил $1,1 млрд за три года
Жаннұр Еділбаева·