Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

7 есе жоғары баға: Кәрім Мәсімовтың самурай қылышы аукционда сатылды

20 ақпанда электронды сауда алаңында тергеу барысында тәркіленіп, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының қарауына өткен самурай қылышы мен ұлттық өрнекті былғары белдік сатылды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Tengrinews - ке сілтеме жасап. Құжаттарда аталған бұйымдар си

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
7 есе жоғары баға: Кәрім Мәсімовтың самурай қылышы аукционда сатылды
20 ақпанда электронды сауда алаңында тергеу барысында тәркіленіп, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының қарауына өткен самурай қылышы мен ұлттық өрнекті былғары белдік сатылды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Tengrinews- ке сілтеме жасап. Құжаттарда аталған бұйымдар сипаттамасы Кәрім Мәсімовтің резиденциясына сәйкес келетін үйден алынған мүлік ретінде көрсетілген. Аукцион қорытындысы бойынша самурай семсері 3 413 825 теңгеге өтті. Бұл оның бастапқы бағасынан жеті еседен астам жоғары. Саудаға алты үміткер қатысқан. Ал металл және күміс қақтамамен безендірілген былғары белдік 524 261 теңгеге сатылды. Бұл лотқа төрт адам қатысқан. Бұған дейін семсер сатылғанымен, жеңімпаз төлем жасамауына байланысты келісім күшін жойған. Белдікті сатып алатын адам болмаған. Фото: e-qazyna

Похожие материалы

7 есе жоғары баға: Кәрім Мәсімовтың самурай қылышы аукционда сатылды · Todayinfo