Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

7 триллионның жыры: Тимур Сүлейменов орынбасарының неліктен қызметінен кеткенін айтты

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының неліктен қызметінен босатылғанын айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Брифингте Тимур Сүлейменов орынбасарының не себепті қызметінен кеткенін айтты. “Тек ресми пресс-релизге сүйенуге шақырамын. Онда Шолпанқұловтың өз ерк

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
7 триллионның жыры: Тимур Сүлейменов орынбасарының неліктен қызметінен кеткенін айтты
Ұлттық банк төрағасы орынбасарының неліктен қызметінен босатылғанын айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Брифингте Тимур Сүлейменов орынбасарының не себепті қызметінен кеткенін айтты.
“Тек ресми пресс-релизге сүйенуге шақырамын. Онда Шолпанқұловтың өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазғаны көрсетілген. Демек ол қызметінен өз өтініші негізінде кетті. Одан басқа алып қосар ештеңе жоқ”, – деді Сүлейменов.
Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы 7 триллион теңгеден астам қаржыны аудару дерегіне де қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қазір бұл іс бойынша тексеру жүріп жатыр.
“Ал банкке қатысты айтсақ, қазір тексеру жүріп жатыр. Қосымша мәліметтер тексеру аяқталған соң белгілі болады. Тексеру Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің үйлестіруімен жүріп жатыр. Оған Ұлттық банк пен Қаржы мониторингі агенттігі де қатысады. Сондықтан тексеру туралы ресми құжаттар тексеру жүргізу, оның мерзімін ұзарту жөніндегі хабарламалар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бланкісінде рәсімделеді. Сол себепті бұл мәселе бойынша нақты ақпарат алу үшін сол ведомствоға жүгінген дұрыс”, – деді Сүлейменов.
Тимур Сүлейменов тексеру аяқталмай қандай да бір пікір білдіре алмайтынын айтты. Тексеру аяқталған соң тиісті қорытындылар жасалады дейді.

Похожие материалы

7 триллионның жыры: Тимур Сүлейменов орынбасарының неліктен қызметінен кеткенін айтты · Todayinfo