Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

7 жастағы Әділ Бектұрсын Димаш Құдайбергеннің әнімен желі қолданушыларын тәнті етті

Жас әнші Әділ Бектұрсын Димаш Құдайбергеннің «Шаршаған аққулардың махаббаты» әнін орындап, 2 млн қаралым жинады. Оның өнері желіде қызу қолдау тапты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Алматы қаласының 8 жастағы тұрғыны Әділ Бектұрсын Димаш Құдайбергеннің «Шаршаған аққ

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
7 жастағы Әділ Бектұрсын Димаш Құдайбергеннің әнімен желі қолданушыларын тәнті етті

Жас әнші Әділ Бектұрсын Димаш Құдайбергеннің «Шаршаған аққулардың махаббаты» әнін орындап, 2 млн қаралым жинады. Оның өнері желіде қызу қолдау тапты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласының 8 жастағы тұрғыны Әділ Бектұрсын Димаш Құдайбергеннің «Шаршаған аққулардың махаббаты» әнін орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Оның өнер көрсеткен сәті түсірілген бейнежазба шамамен 2 миллион қаралым жинаған.

Әділ үш жасынан бері вокалмен айналысады. Оның музыкаға деген қызығушылығын анасы ерте байқап, кәсіби ұстаздардың көмегіне жүгінген. Анасы Мақпал Тұрысбекова баласының талантына сеніп, оны музыка мектебіне берген.

“Әділ ән айтқанда бәрімізді тәнті етті. Әсіресе Димаштың әндерін ерекше ықыласпен орындайды”, – дейді анасы.

Әділдің сахнадағы алғашқы қадамы – Астанада отбасымен жүрген кезінде кездейсоқ көше музыканттарыментанысуынан басталған. Сол кезде ол алғаш рет көпшілік алдында ән айтып, сахнадан түскісі келмегенін айтқан.

“Сахнадан кеткім келмеді. Кейін анам Алматыдағы Арбатқа апарды, сол жерде де ән айтып көрдім, бәріне ұнады”, – дейді Әділ.

Жас вокалисттің армандары биік: ол Димаш Құдайбергенмен дуэт орындап, болашақта композитор болуды армандайды. Әділ патриоттық әндерден бастап, халықаралық репертуарға дейін орындап жүр. Қазір оның сүйікті әндері қатарында «Your Love», «Знай», «Шаршаған аққулардың махаббаты» бар.

“Адамдар менің әнімді тыңдап, шабыт алса екен деймін”, – дейді жас әнші.

Похожие материалы

7 жастағы Әділ Бектұрсын Димаш Құдайбергеннің әнімен желі қолданушыларын тәнті етті · Todayinfo