Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

7 жастағы қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды

Астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгі санатта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы жазды, деп хабарлайды Todayinfo . «Абдул-Мәлік Қайрат 7

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
7 жастағы қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды

Астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгі санатта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы жазды, деп хабарлайды Todayinfo.

«Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанды! Турнир бүгін аяқталады, бірақ жас шахматшы өз жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті», – делінген хабарламада.

Оның басты қарсыласы – үндістандық Ом Еш Готтумукалуды бесінші турда жеңуі шешуші рөл атқарды. Сегіз турдан кейін Абдул-Мәлік 8 ұпай жинап, чемпиондық атақты алдын ала иеленді.

Бүгінгі күнгі жарыстың басқа 10 жас санатында да шешуші ойындар өтуде. Жеті санатта қазақстандық шахматшылар алтын медальға үміткер.

Похожие материалы

7 жастағы қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды · Todayinfo