Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

8 жастағы баланың саусақтарын сындырып, үстін күйдірген: «Қазақмыс» қызметкері күдікке ілінді

Балқашта 8 жастағы баланы «Қазақмыс» қызметкері аяусыз ұрып, қинаған деген күдікпен іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo. Зардап шеккен баланың анасы Мадина Досымбекова әлеуметтік желіде көмек сұрап, оқиғаның мән-жайын баяндады. Оның айтуынша, Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компа

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
8 жастағы баланың саусақтарын сындырып, үстін күйдірген: «Қазақмыс» қызметкері күдікке ілінді
Балқашта 8 жастағы баланы «Қазақмыс» қызметкері аяусыз ұрып, қинаған деген күдікпен іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo. Зардап шеккен баланың анасы Мадина Досымбекова әлеуметтік желіде көмек сұрап, оқиғаның мән-жайын баяндады. Оның айтуынша, Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының қызметкері Алмас Басымбеков ұлының саусақтарын сындырған, денесі күйдіріп, басынан ауыр соққы жасаған.
«8 жастағы ұлымды аяусыз азаптады. Саусақтарын сындырып, денесін күйдірген. Қазір баламның бір қолы гипсте, екінші қолы бинтпен оралып жатыр, жағдайы ауыр. Оның психологиялық жағдайы үшін де қатты уайымдап отырмын. Сондықтан халықтан көмек сұрауға мәжбүр болдым», - дейді Досымбекова.
Ол тергеуге қысым жасалып жатқанын айтады.
«Күдіктінің туыстары құқық қорғау органдарында, ауруханаларда жұмыс істейді. Сондықтан істі жабуға әрекет етіп жатыр», - дейді ол.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. «Қазақмыс» корпорациясы да оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасап, балаға жасалған зорлық фактісін назарда ұстап отырғанын мәлімдеді. Компания тергеуге жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.
«Қызметкердің кінәсі дәлелденсе, ол заң аясында жауапқа тартылады», - деді компания өкілдері.
Корпорация өз қызметінде адам құқығын қорғау мен заң нормаларын қатаң ұстанатынын атап өтті. Фото: https://www.threads.com/@madyssun.

Похожие материалы

8 жастағы баланың саусақтарын сындырып, үстін күйдірген: «Қазақмыс» қызметкері күдікке ілінді · Todayinfo