Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қоспаевтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты істе Бауыржан Байбектің аты аталды

Елдос Қоспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі аясында бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбектің есімі аталды, деп хабарлайды Todayinfo Nege.Aqsha -ға сілтеме жасап. 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында Елдос Қоспаевтың тобына

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Қоспаевтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты істе Бауыржан Байбектің аты аталды

Елдос Қоспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі аясында бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбектің есімі аталды, деп хабарлайды Todayinfo Nege.Aqsha-ға сілтеме жасап.

2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында Елдос Қоспаевтың тобына қатысы бар тұлғалар «AV-Construction» ЖШС атынан Алматы қаласындағы Каппаров көшесінде орналасқан үш жылжымайтын мүлік нысанын Қыдырғали Байбекке нарықтан төмен бағаға сатқан.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Д. Абижанов, Т. Танашев және Р. Бабаев Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың келісімімен, пайдалануға берілген және құрылысы жүріп жатқан нысандарды Байбек Қыдырғалиға, яғни сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбектің әкесіне, шығын келтіру арқылы төмен бағамен сатуға шешім қабылдаған.

«Олар үш нысанның бағасын 1 шаршы метріне 230 мыңнан 425 мың теңгеге дейін деп белгілеген, бұл көрсеткіш құрылыс құнынан айтарлықтай төмен болған», – делінген құжатта.

Нәтижесінде, 114,7 шаршы метрлік пәтер Қ. Байбекке 43,5 миллион теңгеге, ал шамамен 220 шаршы метр болатын екі коммерциялық нысан 50,2 және 40,4 миллион теңгеге сатылған.

Қыдырғали Байбектің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқығаны айтылса, Елдос Қоспаев марқұм Болат Назарбаевтың, яғни экс-президенттің інісінің «оң қолы» ретінде сипатталады. Алайда тергеу органдары Қоспаевтың Болат Назарбаевтың атын тек өзгелерге қысым көрсету үшін пайдаланғанын алға тартады.

«2016 жылдың қазан айынан бастап Елдос Қоспаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ағасы Болат Назарбаевтың сенімін теріс пайдаланып, оның атын өз пайдасына заңсыз қолданған», – делінген сот үкімінде.

2025 жылы Елдос Қоспаев пен оның серіктеріне сот үкімі шықты. Қоспаевтың өзі 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бауырлары Айдос пен Айбек 12 жылдан алды. Тағы тоғыз адам 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, топ кәсіпкерлердің мүлкін тартып алып, компаниялардағы үлестерін иемденіп, көлеңкелі бизнеспен айналысқан.

Похожие материалы