Todayinfo.kz
Абайская область

Абай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, инфрақұрылым жаңартылып жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін Абай ауданына барып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo . Аймақ басшысы әуелі Қарауыл ауылында баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты. Екі пәтерлі төрт тұр

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Абай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, инфрақұрылым жаңартылып жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін Абай ауданына барып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo.

Аймақ басшысы әуелі Қарауыл ауылында баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты. Екі пәтерлі төрт тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған.

Әрбір тұрғын үйдің жалпы ауданы – 85 шаршы метр. Барлық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылған. Екі пәтер үйі авариялық жағдайда деп танылған тұрғындарға берілсе, қалған бес пәтер көпбалалы отбасыларға үлестірілді.

Облыс әкімі баспаналы болған тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.

"Бүгін 7 отбасы баспаналы болғалы тұр. Бір айта кетерлігі, бұл – биылғы жылдың Абай ауданындағы алғашқы баспана қуанышы. Бұл үрдіс жыл соңына дейін жалғасады. Ауданда 40-тан астам тұрғын үйлі болады», – деді аймақ басшысы.

Баспаналы болған тұрғындар ризашылықтарын жеткізді.

«Жаңа баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Халықтың жағдайын жасап, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғыс айтамыз», – деді Қарауыл ауылының тұрғыны Қарлығаш Бақытбекқызы.

Былтыр Қарауыл ауылында көп жыл бойы қараусыз тұрған ғимарат қайта жаңғыртылып, 27 пәтерлі тұрғын үйге айналды. Қазіргі таңда барлық пәтердің құжаттары «Отбасы банк» АҚ-ға берілген. Облыс әкімі аталған тұрғын үйді аралап көрді.

Аймақ басшысы Абай ауданының Қарауыл  ауылындағы облыстық маңызы бар «Қарауыл – Семей» автожолы бойында ашылған жанар-жағармай бекетіне барды. Жобаның Абай ауданында жүзеге асуына «LUKOIL Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС және «GAS&MҰНАЙ» ЖШС қолдау білдірген.

Жобаға аймақ басшысының «Туған жерге туыңды тік» бастамасы аясында инвестиция тартылып, жақында халық игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның жалпы аумағы 2 500 шаршы метрді құрайды. Тартылған инвестиция көлемі – 350 миллион теңге. 15-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Облыс әкімі Абай ауданының Кеңгірбай би ауылында жүргізіліп жатқан ауыз су құбыры жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Жоба іске асырылғаннан кейін ауылдағы 148 тұрғын үй мен 4 әкімшілік ғимарат орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.

«Бұл ауылға бұрын ауыз су тартылған. Мұны екінші кезеңі деуге болады. Екі жылдық жоба аясында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін 18 колонка орнатылып, су берілген болса, енді ауыз суды аулаларға кіргізу қолға алынып жатыр. Яғни, 148 үйге жеткізіледі» деді облыс әкімі.

Похожие материалы