Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне мерзімінен бұрын қайтарылды
Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары биыл ерекше қарқынмен жүргізіліп, жылдық жоспар толық әрі мерзімінен бұрын орындалды. 2025 жылға бекітілген жоспар 170 мың гектар болса, жыл басынан бері облыс әкімдігі
Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения

Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары биыл ерекше қарқынмен жүргізіліп, жылдық жоспар толық әрі мерзімінен бұрын орындалды.
2025 жылға бекітілген жоспар 170 мың гектар болса, жыл басынан бері облыс әкімдігінің ведомстволық жұмыс тобы 171,2 мың гектар жерді мемлекетке қайтарып, жоспарды 101% орындады, деп хабарлайды Todayinfo.
171,2 мың гектар жердің 151,5 мың гектары – жайылым, 10,7 мың гектары – егістік, 9,1 мың гектары – өзге санаттағы жерлер.
Өңірде жүргізіліп жатқан бұл жұмыстың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған жерлерді қайтадан экономикалық айналымға енгізу, тиімділігін арттыру және жер ресурстарын басқаруға қатысты ашықтықты қамтамасыз ету.
Жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы – облыстық Жер ресурстарын басқару департаменті мен облыс әкімдігінің жүйелі жұмысының нәтижесі. Қайтарылған жерлер алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жаңа жобаларды іске асыруға және өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға пайдаланылатын болады.
Похожие материалы

Абайская область
В Абайской области усилена готовность к чрезвычайным ситуациям – открыт новый пожарный пост
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
Более 5 тысяч жителей Абайской области приняли участие в телемосте в рамках программы «Таза Қазақстан»
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
В Семее впервые 685 домов получили горячую воду
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды
Жаннұр Еділбаева·