Адамзат тарихындағы ең алғаш атом бомбасына сынақ жасалған күн - қос қаланың трагедиясына 80 жыл толды
Бүгін адамзат тарихындағы ең ірі апаттардың бірі - Хиросима мен Нагасаки трагедиясына 80 жыл толды. 1945 жылдың 6 және 9 тамызында АҚШ алғаш рет ядролық қару қолданып, Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияны берілуге мәжбүрлеу үшін екі қаласын жарып жіберген болатын, деп хабарлайды

Бүгін адамзат тарихындағы ең ірі апаттардың бірі - Хиросима мен Нагасаки трагедиясына 80 жыл толды. 1945 жылдың 6 және 9 тамызында АҚШ алғаш рет ядролық қару қолданып, Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияны берілуге мәжбүрлеу үшін екі қаласын жарып жіберген болатын, деп хабарлайды Todayinfo.
Біріншісі, қуаты 13-18 килотонна тротилге тең «Little Boy» (аудармасы - «Бала») деп аталатын атом бомбасы Хиросима қаласына, екіншісі, қуаты 19-21 килотонна тротилге тең «Fat Man» (аудармасы - «Семіз») деп аталатын плутоний бомбасы Нагасаки қаласына тасталды.
Оны АҚШ-тың B-29 «Enola Gay» бомбалаушы ұшағы мен B-29 «Bockscar» ұшағы іске асырды.
Қос қалада 140 мыңға жуық адам қаза тапты, кейінгі жылдары радиациялық сәулеленудің әсерінен көз жұмғандар саны 500 мыңнан асып кетті.
1941 жылы 7 желтоқсанда атом бомбасын тастамас бұрын Жапония АҚШ-тың Перл-Харбор әскери-теңіз базасына шабуыл жасады. Сол қақтығыста 2403 америкалық әскери қызметкер қаза тауып, 1178 адам жараланды. Осы оқиғадан кейін АҚШ Жапонияға соғыс жариялады, ал Германия мен Италия АҚШ-қа қарсы соғыс ашты.
АҚШ ядролық қару қолдануын Жапонияның тізе бүгуіне төте жол деп түсінді. Вашингтонның есебінше, олар Жапонияға құрлық арқылы басып кірген жағдайда 500 мыңнан астам америкалық және соншама жапон азаматы опат болар еді.
1945 жылы 15 тамызда Жапония императоры Хирохито елдің толықтай жеңілгенін мәлімдеп, соғыс ресми түрде аяқталды.
Атом бомбасының салдары Жапония үшін өте аянышты болды. «Хибакуся» деп аталатын жарылыстан аман қалғандар мен олардың ұрпақтары жылдар бойы психологиялық азаппен өмір сүрді. Радиация алғандар түрлі қатерлі ісікке ұшырап, ұрпақтары мутацияға ұшырады. Бомба тасталған аумақта тіршілік көзі құрып кетті. Өзен-көлдерге түскен атом бөлшектері әлі күнге жойылған жоқ.
Фото: Getty Images
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·