Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

АЭХА басшысы Трамптың қателігін меңзеді: Иранды соғыспен тоқтату мүмкін емес

АЭХА басшысы Рафаэль Гросси Иранның ядролық бағдарламасын ешбір соғыс жоя алмайтынын мәлімдеді. Сарапшы мұны Трамптың қателігімен байланыстырады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
АЭХА басшысы Трамптың қателігін меңзеді: Иранды соғыспен тоқтату мүмкін емес

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) басшысы Рафаэль Гросси Иранның ядролық бағдарламасын әскери соққымен жою мүмкін емес екенін мәлімдеді. Ол бұл пікірін АҚШ-тың беделді "Face The Nation" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Гроссидің айтуынша, Иранда ядролық бағдарламаны дамытуға қажетті маман, технология, ғылыми білім және өндірістік қондырғылар толықтай жеткілікті. Ол Иранның бұл саладағы әлеуетін ешқандай соғыс жоя алмайтынын атап өтті.

"Иранның ядролық бағдарламасын дамытуға қажетті барлық нәрсесі бар. Мұны ешбір соғыс тоқтата алмайды", — деді АЭХА басшысы.

Агенттік басшысы Иран ғалымдарының бұл жетістікке АҚШ президенті Дональд Трамптың 2015 жылғы келісімнен шығу шешімінен кейін қол жеткізгенін еске салды. Оның сөзінше, дәл осы оқиғадан кейін Иран ядролық процестерді айтарлықтай жеделдетіп жіберген.

Бұл мәлімдемеге қатысты саясаттанушы Дулат Бәкішев өз пікірін білдірді. Ол Трамптың келісімнен шығуын және қазіргі шиеленісті оның стратегиялық қателіктері деп бағалады.

"Трамп бұған дейін екі ірі қателік жасады. Ендігі соғыс – оның үшінші қателігі болады. Гросси айтқандай, бұл соғыс Иранның бағдарламасын жоя алмайды. Демек, АҚШ пен БҰҰ-ға Иранмен жаңа келісім жасасу қажет", — деп жазды сарапшы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

АЭХА басшысы Трамптың қателігін меңзеді: Иранды соғыспен тоқтату мүмкін емес · Todayinfo