Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Әйел анасын өлтірген: Алматыда 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Фото: РИА Новости. , Табылды Кадырбеков Алматыда 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Алматы қаласында биыл тергеушінің біліктілігінің арқасында 11 жыл бұрын жасалға

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Әйел анасын өлтірген: Алматыда 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды
Фото: РИА Новости. , Табылды Кадырбеков Алматыда 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Алматы қаласында биыл тергеушінің біліктілігінің арқасында 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. Зейнеткерді қасақана өлтірген қаскөй құрықталмай келген болатын. Сол қылмыстық істі қайтадан көтеріп, дәлелдемелерге толық талдау жүргізіліп, куәгерлер мен туыстарынан қосымша жауаптар алынып, олардың уәждерін тексеру барысында қылмыс ашылды. Дұрыс сұрақ қою, дұрыс тактика өз нәтижесін берді. Қылмысты жасаған марқұмның өзінің қызы болып шықты. Бұл қылмысты ол пайдакүнемдік мақсатта жасағаны белгілі болды», – деді спикер.
Елімізде тіркелетін қылмыстық істердің 95%-ын ішкі істер органдары тергейді.
«Жыл басынан бері тергеушілер мен анықтаушылардың өндірісінде 216 мыңдай қылмыстық іс болып, жалпы 54 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді полиция генерал-майоры.

Похожие материалы

Әйел анасын өлтірген: Алматыда 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды · Todayinfo