«Аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері шақырылды. Алайда Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түспегендіктен, ол тізімге енбеген. Осыған байланысты Астана әкімдігі туындаған жағдай үшін тыл еңбеккері мен оның отбасынан шын жүректен кешірім сұрайды», – делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.Әкімдік өкілдері Теңдік Изақовты 9 мамыр күні өтетін гүл шоқтарын қою рәсіміне арнайы шақырғанын атап өтті.
Әкімдік парадқа кіре алмаған тыл еңбеккерінен кешірім сұрады
Астана қаласының әкімдігі 7 мамыр күні өткен Жеңіс шеруіне кіре алмаған тыл еңбеккері, профессор Теңдік Изақовпен ресми түрде кездесіп, орын алған жағдай үшін кешірім сұрады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық аг

Астана қаласының әкімдігі 7 мамыр күні өткен Жеңіс шеруіне кіре алмаған тыл еңбеккері, профессор Теңдік Изақовпен ресми түрде кездесіп, орын алған жағдай үшін кешірім сұрады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері және оның отбасымен арнайы жүздесіп, көпжылдық еңбегі мен елге сіңірген еңбегі үшін ризашылықтарын білдірді.
Әкімдік мәліметінше, шеру өтетін аумаққа кіру арнайы әзірленген тізім негізінде жүзеге асырылған. Бұл тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің жақын туыстарының өтініштері негізінде жасалған. Тізім құру барысында орын санының шектеулі болуы және ардагерлердің денсаулығына байланысты шектеулер ескерілген.
Похожие материалы

Новости
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·