- Әділетханды Алматы қаласының полиция департаменті қамауға алып отыр. Бірақ не себепті екенін білмей отырмыз. Заңсыз қамауға алып отыр. Кейінгі кездері әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы резонанс тудырған еді. Біраз кісілердің атын айтты. Соған қатысты ма? Нақты білмейміз, – дейді заңгердің көмекшілері.Біз бұл жағдайға қатысты Алматының полиция департаментінен түсініктеме беруін сұрадық. Департамент өкілдері қысқаша жауап берді.
- Алматы қаласының Полиция департаменті азамат Молдаханға қатысты 274 бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Яғни көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр, – дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.




