«Әлемдік жұлдыздың алдында елін масқаралаған»: полиция бастығы әйелінің үстінен қылмыстық іс ашылды
Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті кезінде шу шығарған әйел Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтің жұбайы болып шықты, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл туралы ақпаратты журналист Михаил Козачков таратқан болатын. Америкалық әншіні

Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті кезінде шу шығарған әйел Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтің жұбайы болып шықты, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы ақпаратты журналист Михаил Козачков таратқан болатын.
Америкалық әншінің кешінде екі тәртіп қызметкерінің әйелді аяқ қолынан көтіріп, алып бара жатқан видеосы тараған болатын. Кадрдағы шендінің келіншегі Зарина Қожахметова екен.
Полиция департаменті ақпаратты растап, келіншектің шынымен де құқық қорғау органының қызметкерінің жары екенін хабарлады. Алайда ресми түрде аты-жөні жария етілген жоқ. Ведомство өкілдері әйелдің полиция қызметкерінің зайыбы екенін, оның қоғамдық ортадағы әрекеттері үшін жоғары жеке жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
Қазір тергеу амалдары басталып, бұл іс департамент басшылығының бақылауына алынды.
Фото: скрин
Похожие материалы

Новости
Науқан өңірлерге бет бұрды: партиялар жергілікті жерлердегі жұмысты бастады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Кампания сместилась в регионы: партии начали работу на местах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·