Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Әнші Айқын екінші некесінен тағы бір сәби сүймек

Танымал әнші Айқын Төлепберген сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды  Todayinfo . Жақында оның   бесінші баласы дүниеге келеді. "Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Әнші Айқын екінші некесінен тағы бір сәби сүймек

Танымал әнші Айқын Төлепберген сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.

Жақында оның  бесінші баласы дүниеге келеді.

"Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл үлкен қуаныш біз үшін, сіздерге де жұғысты болсын.

Айтпақшы, көп балалы әкеге қандай жеңілдіктер бар мемлекетімізден? Бесплатный проезд, ақшалай пособие дегендей", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының біразы Айқынды сынаса, енді біразы екі жұптың жаңалығына қуанды. 

"Жұлдызға 5-ші деп қыстырып жіберген қалай кетті? Ол екі баланың анасы бар емес пе? Әр жерде ұрпақ шашып жүргендерге жеңілдік жоқ", "Аман есен бауырларыңызға басыңыздар", "Дені сау болсын. Қуаныштымын сіздер үшін. Сәби деген керемет қой", "Оо құтты болсын, бүгін көрген ең күшті жаңалық", - деп жазды оқырмандары.

Похожие материалы

Әнші Айқын екінші некесінен тағы бір сәби сүймек · Todayinfo