Әйелін ұрғыш әнші: Рахат Тұрлыханов келіншегін ұрып жыққаны үшін осымен үшінші рет ұсталды
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Криминалды Қазақстан» арнасының құқық қорғау органындағы дереккөзі мәлімдегендей, оқиға 15 наурыз күні болған. Қазір күдікті Алмат

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Криминалды Қазақстан» арнасының құқық қорғау органындағы дереккөзі мәлімдегендей, оқиға 15 наурыз күні болған.
Қазір күдікті Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген.
Айта кетейік, Рахат бұған дейін де бірнеше мәрте осындай әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті 10 тәулік қамауда отырып шыққан еді.
Кейін Рахат Тұрлыханов пен әйелі видеомәлімдеме жасап, «екеуінің арасында бәрі жақсы екенін» айтқан. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.
Айта кетейік, Әнші Рахат Тұрлыханов – мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың інісі. Бұл – депутат Тұрлыхановтың жақындарымен болған алғашқы шу емес. Бұған дейін депутаттың ұлы, Жүрсін Ерманның жиені Нұрасыл Болат заңгер Анна Черновой мен оның күйеуі Олег Черновты ұрды деген айыппен жазаға тартылды. Желіде тараған видеода Нұрасыл Болат адамдарды боқтап, ұрып жатқаны байқалады. Кейін сот тағайындаған жазаны бұзғаны үшін Тұрлыхановтың ұлы сотталып кетті.
Ескі Қазақстанның тұсында дәуірі тасыған Тұрлыхановтар Қазақстанда ең үлгілі әулет ретінде насихатталды.
Похожие материалы

Шоу-бизнес
Қазақша сөйлеңдер: Динара Сәтжанмен соттасып жатқан Бағдагүл емшіге судьяға айқайлап, айыппұл алды
Айдар Керім·

Шоу-бизнес
«Уақытша..»: Айгүл Иманбаева екінші күйеуінен бөлек кетті
Айдар Керім·

Шоу-бизнес
Әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жығу ісі: Мұқасан Шахзадаевтың әкімшісі сотталды
Айғаным Нариманова·

Шоу-бизнес
Астанада сот басталды: Динара Сәтжан ақтөбелік Бағдагүл емшіні соттататын болды
Айдар Керім·