Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлы алаяқтық жасап, сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық Аңсар Қажымұқанұлына үкім шығарды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo . Сот материалдарына сәйкес, Қажымұқанұлы А.-ның қылмыстық жауапкершілікке тартыл

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық Аңсар Қажымұқанұлына үкім шығарды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Сот материалдарына сәйкес, Қажымұқанұлы А.-ның қылмыстық жауапкершілікке тартылған туысының жазасын жеңілдетіп беремін деп уәле беріп, одан 50 мың АҚШ долларын алған. Қажымұқанұлы құқық қорғау органдарында таныстары барын айтқан, алайда оның полиция қызметкерлерімен ешқандай байланысы болмаған.
Прокурор оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап жазаны жеңілдетуді өтінген. Сот оның кінәсін мойындауын, жас балаларының барын және өкініш білдіруін жеңілдететін жағдай ретінде қарастырды.
Нәтижесінде сот Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша Қажымұқанұлын кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Фото: ашық дереккөзден
Похожие материалы

Новости
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·