Әрбір оныншы Қазақстан азаматы ұлтаралық некеден туылған – статистика
Фото: pixabay Қазақстанда өткен жылы 369 мың сәби өмірге келді. Бұл ретте, шамамен 9%-ында ата-аналары әртүрлі ұлт өкілдері ретінде тіркелген, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда басқа ұлттың ер аз

Фото: pixabay
Қазақстанда өткен жылы 369 мың сәби өмірге келді. Бұл ретте, шамамен 9%-ында ата-аналары әртүрлі ұлт өкілдері ретінде тіркелген, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда басқа ұлттың ер азаматымен отау құрған осетин әйелдерінің үлесі ең жоғары болып тұр. Олардың өмірге әкелген 16 баласының барлығында әкелері басқа ұлт өкілі ретінде көрсетілген. Бұған басты себеп – елдегі осетиндердің саны 1,8 мың адамнан аспайды.
Ал қазақ әйелдерінің басқа ұлт өкілдерімен некеге тұруы сирек кездеседі. Өткен жылы қазақ әйелдерінен 295 мың бала дүниеге келсе, олардың тек 2%-ында әкелері басқа ұлттан болған.
Өзге ұлт өкілдерінің статистикасы
Қазақстандағы ең ірі бес этнос өкілдерінің арасындағы жағдай төмендегідей:
Өзбек әйелдерінің дүниеге әкелген 19 мың баласының 11%-ында әкелері өзге ұлт өкілдері.
Ұйғыр аналарынан туған 5,6 мың сәбидің 20%-ында әкелері басқа этносқа жатады.
Орыс әйелдері дүниеге әкелген 24,4 мың баланың 35%-ының әкелері басқа ұлттан.
Украин аналарынан туған 2,6 мың сәбидің 78%-ында әкелері өзге ұлт өкілдері.
Соңғы он жылда Қазақстанда ұлтаралық некеден туған балалардың үлесі 8-10% шамасында тұрақты сақталып отыр.
Ақпарат көзі: Ulysmedia.kz.
Похожие материалы

Общество
«Говно-казахи!»: Жақында істі болған блогер Жанабыловтың әйелінің ұлтты қорлаған жазбасы тарады
Айғаным Нариманова·

Общество
Сириядан қашқан 24 жастағы жігіт Түркияда қазақстандық әйелді зорлап, тонаған
Айдар Керім·

Общество
«Жақындатып қараймын»: Нұрлан имам купальниктегі қыздар туралы айтты
Айғаным Нариманова·

Общество
Семейдегі орман өрті 60 гектар аумақты шарпыды
Айғаным Нариманова·