— Материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың, сондай-ақ әскери бөлімде жарғыдан тыс қарым-қатынас фактісі туралы жоғары басшылыққа дер кезінде баяндама жасамаған және медициналық көмекті ұйымдастырмаған лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, — делінген әскери полицияның хабарламасында.
«Әскерде кезекті әлімжеттік»: Отардағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаз соққыға жығылды
Қазіргі таңда сарбаз Алматы қаласындағы әскери госпитальда ем қабылдап жатыр. Ал әскери полиция қылмыстық тергеу бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желіде Отар әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаздың жақ сүйегі мен мұрны сындырылғаны туралы ақпарат тарады. Х

Қазіргі таңда сарбаз Алматы қаласындағы әскери госпитальда ем қабылдап жатыр. Ал әскери полиция қылмыстық тергеу бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Желіде Отар әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаздың жақ сүйегі мен мұрны сындырылғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада операция жасалғаннан кейін оған толыққанды ем мен бақылау көрсетілмегені айтылады. Кейін туыстары сарбаздың бір пәтерде ұсталғанын анықтаған. Ал тексеру барысында жасалған операцияның дұрыс жүргізілмегені белгілі болған.
Гвардиялық гарнизонның әскери полициясы әскери қызметшіге физикалық күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу уақытына бірқатар офицер қызметінен уақытша шеттетілді.
Похожие материалы

Новости
«Фридом Финанс» АҚ ҚазТАГ-пен дауды медиация арқылы реттеуге дайын екенін мәлімдеді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·