Әскерилер мен тұрғындар қақтығысты: Америкада Дональд Трапмқа қарсы ауқымды шеру басталды
Лос-Анджелесте наразылықтар жалғасып жатыр. Президент Дональд Трамптың бұйрығымен 2 000 Ұлттық гвардия сарбазы қаланың бірнеше аймағына жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo. ВВС -дің жазуынша, бұл әрекет Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом мен Лос-Анджелес мэрі Карен Басс тарапына

Лос-Анджелесте наразылықтар жалғасып жатыр. Президент Дональд Трамптың бұйрығымен 2 000 Ұлттық гвардия сарбазы қаланың бірнеше аймағына жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo.
ВВС-дің жазуынша, бұл әрекет Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом мен Лос-Анджелес мэрі Карен Басс тарапынан қатаң сынға алынды. Олар бұл шешімді штаттың егемендігіне қол сұғу және жағдайды ушықтыру деп бағалады.
Наразылықтар 6 маусымда АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) заңсыз мигранттарды ұстау операцияларынан кейін басталды. Демонстранттар ICE агенттеріне қарсы шығып, көшелерді жауып, көліктерді өртеп, полициямен қақтығыстарға түсті. Құқық қорғаушылар көзден жас ағызатын газ бен жарық-шулы гранаталарды қолданды. Соңғы мәліметтер бойынша, 30-дан астам адам ұсталды, бірнеше адам жарақат алды.
Пентагон министрі Пит Хегсетс жағдайды бақылауда ұстау үшін қосымша әскери күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармады. Президент Трамп наразылықтарды «бүлік» деп сипаттап, Ұлттық гвардияны заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін жібергенін мәлімдеді. Ол сонымен қатар, егер жергілікті билік жағдайды шеше алмаса, федералды үкіметтің араласатынын ескертті.
Губернатор Ньюсом наразылықтарға қатысушыларға зорлық-зомбылыққа бармауды және бейбіт түрде өз пікірін білдіруге шақырды. Ол Ұлттық гвардияның жіберілуі керісінше, жағдайды ушықтыратынын атап өтті.
Қазіргі уақытта Лос-Анджелесте жағдай тұрақсыз. Наразылықтар жалғасып, құқық қорғаушылар мен демонстранттар арасында қақтығыстар болып жатыр. Федералды және жергілікті билік арасындағы келіспеушіліктер жағдайды одан әрі қиындатты.
Фото: Reuters
Похожие материалы

Новости
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·