Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Аграрлық білім: Қазақстан практикалық бағытқа бет бұрды

2024 жылдың 9 шілдесінде Алматы қаласында «Қазақстан агросекторының болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі, Еуропадағы аграрлық білім беру саласындағы көшбасшы Aeres Group, Халықаралық білім беру корпорациясы және

Автор Айғаным Нариманова··3 мин чтения
Аграрлық білім: Қазақстан практикалық бағытқа бет бұрды
2024 жылдың 9 шілдесінде Алматы қаласында «Қазақстан агросекторының болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі, Еуропадағы аграрлық білім беру саласындағы көшбасшы Aeres Group, Халықаралық білім беру корпорациясы және еліміздегі жетекші агрокәсіпорындар қатысты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Бұл кездесу Қазақстан мен Нидерланды арасындағы аграрлық білім беру бағытындағы ауқымды серіктестіктің алғашқы қадамы болды. Тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойып, саланың түйткілді мәселелерін — маман тапшылығы, теория мен тәжірибенің алшақтығы, жастардың аграрлық мамандықтарға қызығушылығының төмендігін талқылады. Аграрлық жоғары оқу орындарының болуына қарамастан, жұмыс берушілер түлектердің практикалық дағдыларының жетіспейтінін айтып дабыл қағуда. Заманауи техникамен жұмыс істеу үшін мамандарды қайта оқытуға мәжбүр. Мысалы, құны миллион доллар тұратын комбайндарды басқару – ұшақты басқарумен тең дәрежелі жауапкершілік. Бір қателік – миллиондаған шығын. Baiserke Agro, Atameken Agro, Kusto Agro және Алель Агро компанияларының өкілдері механизаторлар, агрономдар, ветеринарлар мен агроинженерлердің жетіспейтінін атап өтті. Мемлекет жыл сайын осы мамандықтарға 2 мың грант бөлсе де, соның тек 30 пайызы ғана игеріледі. Бұл – жастардың агробілімге қызығушылығының төмендігін көрсетеді. Аграрлық білім беру саласында 17 мыңнан астам студентке білім беріп отырған Aeres Group өз тәжірибесімен бөлісті. Компанияның негізі 1960 жылы фермерлер бастамасымен қаланған. Бүгінде Aeres – Еуропадағы ірі агробілім беру орталықтарының бірі. Ард Сонневельд, Aeres Education and Training жаттықтырушысы:
«Мектептің басты мақсаты – оқу жоспары емес, студент пен бизнестің сұранысы. Біз тек білімді емес, алғашқы күннен жұмыс істей алатын, ынталы мамандарды дайындаймыз».
Aeres тәжірибеге негізделген оқыту үлгісін ұсынады: студенттер аптасына бірнеше күн компанияларда жұмыс істеп, жалақы алады, бір күн білім алуға арналады. Сонымен қатар, міндетті өндірістік тәжірибе қарастырылған. Теус Коревеар, халықаралық жобалар менеджері:
«Біз тек мал бағуды емес, кәсіпкерлікті, оқыту дағдыларын, тұрақты ауыл шаруашылығын үйретеміз».
Орталықтың маманданған бағыттары: мал шаруашылығы, сүт өндірісі, шошқа өсіру, жылыжайлар, бау-бақша, үй жануарларына күтім (pet-care), зообизнес, оқытушыларға арналған тренингтер. Нидерланды Корольдігінің аграрлық консулы Ари Вельдхёйзен:
«Біз тек кадр мәселесін шешіп отырған жоқпыз. Бұл – азық-түлік қауіпсіздігі, өңірлердің тұрақтылығы, жұмыссыздықпен күрес мәселесі. Бұның барлығы серіктестік арқылы шешіледі».
Atameken Agro директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Молдағазиев: «Кадр даярлауды қаладан емес, өңірлерден бастау керек. Бүгінде бізде ортақ білім базасы жоқ, техника тәжірибе арқылы ғана меңгеріледі. Еуропада бір гектардан 70 центнер өнім алынса, бізде – 13–14. Бұл – үлкен алшақтық». Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Құсайынов:
«Колледж ашу – мақсат емес. Алдымен бизнестің нақты қажеттілігін зерттеп, жұмысқа орналастыру жүйесін құру керек. Аграрлық мамандық иелері таксиге кетіп қалмауы керек – олардың шынайы кәсіби болашағы болуы қажет».
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс топтарында мәселені талқылауды жалғастырып, болашақ колледждің форматын айқындауға келісілді.  

Похожие материалы

Аграрлық білім: Қазақстан практикалық бағытқа бет бұрды · Todayinfo