Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ахметбек Нұрсила: Magnum-ға бойкот — тек тіл дауы емес, жүйелі мәселелердің көрінісі

Кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила Magnum супермаркеттер желісіне жарияланған бойкот тек тіл дауына байланысты емес, одан да ауқымды және жүйелі мәселелерге байланысты екенін атап өтті. Ол бұл жағдайды «спираль молчания» құбылысымен, әлеуметтік-экономикалық теңсіздікп

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Ахметбек Нұрсила: Magnum-ға бойкот — тек тіл дауы емес, жүйелі мәселелердің көрінісі
Кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила Magnum супермаркеттер желісіне жарияланған бойкот тек тіл дауына байланысты емес, одан да ауқымды және жүйелі мәселелерге байланысты екенін атап өтті. Ол бұл жағдайды «спираль молчания» құбылысымен, әлеуметтік-экономикалық теңсіздікпен және мәдени-психологиялық себептермен байланыстырды,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  Тіл дауы — тек беткі қабат Ахметбек Нұрсила пікірінше, қазақ тіліне байланысты наразылық тек триггер ғана. Негізгі себептер:
  • әлеуметтік теңсіздік,
  • экономикалық әділетсіздік сезімі,
  • қазақ тілінің екінші сорттағы күйі,
  • ұлттық болмыстың ескерусіз қалуы.
Бұл жайттар ұзақ уақыт бойы халық ішінде жиналып келген реніш пен өкпенің сыртқа шығуына себеп болды.  «Спираль молчания» — үнсіз наразылықтың шегі Көпшілік азаматтар бұрындары дүкендерде қазақ тілін талап етуге ұялған, өз тілінде қызмет сұрауды «артық» немесе «ұят» деп қабылдаған. Бұл психологиялық кедергілер уақыт өте келе ішкі наразылықты күшейтіп, бойкот түрінде сыртқа шықты. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың ықпалы Қоғамдағы инфляция, төмен жалақы, бай мен кедей арасындағы алшақтық халықтың әлеуметтік әділетсіздік сезімін арттырды. Мұндай жағдайда адамдар экономикалық жүйені өзгерте алмаған соң, рухани салаларда наразылық білдіруге тырысады – тілді, рәмізді, мәдениетті қорғайды. Magnum — жүйелік мәселенің символы Ахметбек Нұрсила пікірінше, Magnum жай ғана бизнес емес: ол байлар мен элитаның бейнесі, қазақ тіліне салғырт қараған құрылым, халық пен билік арасындағы алшақтықтың символы. Оған қарсы бойкот — қоғамдағы үнсіз қарсылықтың жарылысы. Тіл — сылтау емес, салдар Ахметбек Нұрсила бұл бойкотты халықтың тереңде жатқан ренішінің сыртқа шығуы деп бағалайды. Егер бұл проблемалар ескерілмесе, болашақта басқа салаларда да осындай «жарылыстар» орын алуы мүмкін екенін ескертеді.  

Похожие материалы

Ахметбек Нұрсила: Magnum-ға бойкот — тек тіл дауы емес, жүйелі мәселелердің көрінісі · Todayinfo