Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Актер Шәріп Серікке қатысты жасалған ЖИ-видео бойынша полиция іс қозғаудан бас тартты

Бұрынғы сүйіктісіне қол көтеріп, қоғамның сынына ұшыраған актер Шәріп Серік жасанды интеллект арқылы өз бейнесі Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызылған видеоға байланысты арыз жазған еді. Аталған бейнежазбаның авторы — контентмейкер Арман Тұрлыбеков, деп хабарлайды Todayinfo ақп

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Актер Шәріп Серікке қатысты жасалған ЖИ-видео бойынша полиция іс қозғаудан бас тартты

Бұрынғы сүйіктісіне қол көтеріп, қоғамның сынына ұшыраған актер Шәріп Серік жасанды интеллект арқылы өз бейнесі Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызылған видеоға байланысты арыз жазған еді. Аталған бейнежазбаның авторы — контентмейкер Арман Тұрлыбеков,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Видеоны жариялаған автор бұл жұмысты зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық үндеу ретінде жасағанын айтып, астына «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген жазба қалдырған. Видеода Шәріп Серік пен Қуандық Бишімбаевтың бірге отырғаны бейнеленген.

Актердың пікірінше, бұл видео оның ар-намысына тиіп, өзін Бишімбаевпен салыстыру орынсыз. Шәріп Серік:

«Мен екінші Бишімбаев емеспін. Бұл – оның тағдыры, өмірі, қателігі. Менің жолым басқа», – деп мәлімдеді.

Алайда Алматы қалалық полициясы бейнежазбада ешқандай қылмыстық құқықбұзушылық жоқ екенінанықтады. Видеода жеке өмірге қол сұғушылық белгілері де табылмаған. Сол себепті арыз «қылмыс құрамы болмағандықтан» қараусыз қалдырылды.

Похожие материалы

Актер Шәріп Серікке қатысты жасалған ЖИ-видео бойынша полиция іс қозғаудан бас тартты · Todayinfo