«Ешкім ешкімді немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды “мына тілде сөйле” деп мәжбүрлеуге тиіс емес. Тіл мәселесін желеу етіп қоғамда алауыздық тудыру – бұл заңмен қудаланатын әрекет», – деді Тоқаев.Ол сондай-ақ шетелде отырып, үшінші тараптың тапсырмасымен арандатушылықпен айналысатындарға да заң аясында шара қолданылатынын атап өтті. Президент бірлік, тәуелсіздік, келісім және отаншылдық – еліміздің негізгі құндылықтары екенін айтып, оларға қарсы әрекет етушілер қатаң заңмен жазаланатынын мәлім етті. «Ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заң алдында жауап береді. Ал елге қызмет етіп, ынтымақты нығайтқандар – әрдайым құрметке лайық», – деді мемлекет басшысы.
Алауыздық тудырғандар заңмен жауапқа тартылады: Тоқаев тіл туралы айтты
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің қолданылу аясы және ел ішіндегі бірлік мәселесіне тоқталып, қоғамда араздық пен алауыздық туғызатын кез келген әрекетке заңдық баға берілетінін мәлімдеді,деп хаб

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің қолданылу аясы және ел ішіндегі бірлік мәселесіне тоқталып, қоғамда араздық пен алауыздық туғызатын кез келген әрекетке заңдық баға берілетінін мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы биыл ҰБТ тапсыратын түлектердің 80%-ы қазақ тілін таңдағанын, сондай-ақ алғаш рет мектепке баратын балалардың 70%-дан астамы қазақша оқуға ниетті екенін атап өтті.
Похожие материалы

Новости
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·