Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алимент төлемеген 40 адамға қамауға алынды

Жетісу облысының прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етті, деп хабарлайды Todayinfo. Тексеру барысында Панфилов ауданының 3 борышкеры 5 жылдан астам уақыт бойы өз міндеттемелерін орындаудан әдейі жалтарып, жалпы қарызы 19 миллио

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Алимент төлемеген 40 адамға қамауға алынды
Жетісу облысының прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етті, деп хабарлайды Todayinfo. Тексеру барысында Панфилов ауданының 3 борышкеры 5 жылдан астам уақыт бойы өз міндеттемелерін орындаудан әдейі жалтарып, жалпы қарызы 19 миллион теңгеге жеткені белгілі болды. Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бұл шаралар тиімді нәтиже бермеген. Сондықтан прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қатаң шаралар қабылдап, қылмыстық жауапкершілікке тарта бастады. Сотқа дейінгі тергеу барысында 19 миллион теңге көлеміндегі берешек толығымен өтелді, содан кейін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды. 2024 жылы 3 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 50 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 40-ы әкімшілік қамауға алынды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы алименттік қарыздың 103 миллион теңгеден астам сомасынан 72 миллион теңгеден астам өндірілді.

Похожие материалы

Алимент төлемеген 40 адамға қамауға алынды · Todayinfo