“Исламда зекет деген нәрсе бар ғой. Зекет садақадан бөлек. Ол сенің тапқан табысыңның 2.5%. Кәдімгі шариғаттың бухгалтері. Мысалы біз салықты өліп тіріліп төлейміз. Зекетті олай төлемейміз. Шын айтайын, өйткені салықтан қорқамыз. Алладан салықтан қорыққандай қорықпаймыз. Бір күні топан су басып жатқан ауылдарда ешқандай су тимеген үйдің видеосы тарады. Айналасындағы, алдындағы, артындағы үйдің барлығын су алып кеткен. Бірақ ана үй тұр. Соны бір ұстазға көрсетіп “Мынау не ғажайып? Бұл үйде тақуа адам тұра ма” дедім. Сонда ол кісі “Жоға, зекетін уақытында берген адам ғой” деді. Зекет дегеніміз — Аллаһтың сақтандыруы екен ғой. Яғни, 2,5% Аллаһтың салығын төлеп тұрған кезде қалған 98% Аллаһ қорғап тұрады екен. Бізде адамдар ақшамды мына жаққа сақтап қойдым, жылжымайтын мүлік алып қойдым дейді ғой. Оның ешқайсысы сақталатынына кепіл жоқ. Үй бір-ақ күнде құнсызданып кетуі мүмкін. Тұрған ақшаң жоқ болып кетуі мүмкін. Зекет — “мен сенің ақшаңды қорғаймын” деген Алланың кепілі”, — дейді Тұрсынбаева.
«Аллаһтың салығын төлеуді ұмытпаңыз»: Айнұр Тұрсынбаева қасиетті айда көпшілікке «уағыз» айтты
Психолог, коуч Айнұр Тұрсынбаева ислам дініндегі зекеттің маңызын түсіндірді. Айтыскер ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода өзі куә болған ерекше оқиғаны баяндап берген. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.Бұл туралы Todayinf

Психолог, коуч Айнұр Тұрсынбаева ислам дініндегі зекеттің маңызын түсіндірді. Айтыскер ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода өзі куә болған ерекше оқиғаны баяндап берген. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Похожие материалы

Шоу-бизнес
«Қателігімді мойындаймын»: Сәкен Майғазиев «Парасат» орденімен марапатталды (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Шоу-бизнес
«Басқаның бақытын құшағына басқан»: екінші күйеуімен жүрген Баян Алагөзова Франциядағы отбасылық видеосын жариялады
Айдар Керім·

Шоу-бизнес
Дені дұрыс әйел керек: өзінен 25 жас кіші қызды алған актер тағы да үйленетінін айтты (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Шоу-бизнес
«Үміттендіріп, қол созатын ешкімім жоқ»: Мақпал Исабекова басындағы ауыр жағдайын айтты
Айдар Керім·