Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова қызметінен кетті
Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Жанна Сержанқызы Арынбекова қызметінен кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жанна Сержанқызы облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне 2023 жылдың 22 мамырында тағайындалған. Айта кетейік, Жанна Арынбекова қоғамм

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Жанна Сержанқызы Арынбекова қызметінен кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жанна Сержанқызы облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне 2023 жылдың 22 мамырында тағайындалған.
Айта кетейік, Жанна Арынбекова қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық байланыс орнатуымен есте қалды. Ол әкімдік пен журналистер арасындағы тікелей көпірге айналып, БАҚ өкілдерінің облыс әкіміне еркін сұрақ қоюына мүмкіндік жасады. Сонымен қатар бірнеше рет тікелей эфирде брифинг өткізіп, қоғаммен байланыс, заң мен тәртіп, билік пен халық арасындағы ашық диалогты дамытуға үлес қосты.
Сондай-ақ, өңір әкімінің баспасөз хатшысы БАҚ өкілдеріне жиі баспасөз турларын өткізіп, өңірдің дамуымен, өндіріс орындарымен таныстырып отырды.
Жанна Сержанқызы Арынбекова 1989 жылы туған.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2012 жылы Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінде инспектор болып бастаған.
2013 жылдан бастап Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, кейін бас маман қызметтерін атқарды.
Кейін Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы,
Алматы облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ бөлім басшысы,
орынбасары,
«Jetisy media» КММ басшысы,
«Өлке тынысы» ЖШС коммуникациялар бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, ол облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне дейін Алматы облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарған.
Похожие материалы

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·