Басшыға жарымаған басқарма: Алматы облысы білім басқармасының басшысы Арайлым Ақсубаева қызметтен кетті
Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Ізбасарұлы Жұманов Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ал жемқорлықпен аты жиі шыққан басқарманың басшысы қызметте көп отыра алмады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қайрат Ізбасарұлы 1989 жылы т

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Ізбасарұлы Жұманов Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ал жемқорлықпен аты жиі шыққан басқарманың басшысы қызметте көп отыра алмады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Қайрат Ізбасарұлы 1989 жылы туылған, білімі жоғары, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «психология» мамандығы, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін «экономика» мамандығы, 2018 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы және 2021 жылы Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы №105 гимназияның педагог-психологы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2025 жылдың сәуір айынан бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет етті.
Еске салайық, 2025 жылы 21 тамызда Арайлым Төлеубекова басшысы лауазымына тағайындалған еді. Алайда ол келгелі шу көбейіп, басқарманың әрекетіне қатысты шағым көбейді.
Похожие материалы

Алматинская область
Алматы облысында құны 22 млрд теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады
Жаннұр Еділбаева·

Алматинская область
Алматы облысының жедел жәрдем автопаркі 90 жаңа көлікпен толықты
Жаннұр Еділбаева·

Алматинская область
Слушания по проекту алматинского горного кластера состоялись при активной поддержке общественности
Жаннұр Еділбаева·

Алматинская область
«Кортежге де коттеджге де жол жоқ»: Алматы облысында мектеп бітіруші түлектерге қатаң ескерту жасалды
Жаннұр Еділбаева·