Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды
2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында республикада жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. Осыған орай Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтерді, д

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында республикада жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. Осыған орай Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтерді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша, 2026 жылдан бастап жаңа жеңілдетілген салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер үшін тиімді мөлшерлемені 3% деңгейінде белгілеу туралы мәселені Мәслихаттың қарауына шығару жөнінде шешім қабылданды.
Бұл шара шағын және орта бизнестің салықтық тұрақтылығын сақтауға, қосымша инфляциялық тәуекелдердің алдын алуға және B2C-сегменттегі нысандарды — үй маңындағы дүкендер, шаштараздар, шеберханалар мен тұрмыстық қызмет көрсету орындарын — қолдауға мүмкіндік береді.
Әкімдік ұсынған бастама кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, инвестициялық ахуалды тұрақты сақтауға және іскерлік белсенділіктің өсуіне ықпал етеді деп санайды.
Похожие материалы

Алматы
Алматыда қатерлі ісікпен ауыратын тұрғындар саны көбейді
Айдар Керім·

Алматы
За полгода в Алматы выявлено более 200 случаев рака молочной железы
Айдар Керім·

Алматы
Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының түлектерімен ашық диалог өтті
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
В Алматы состоялся открытый диалог с выпускниками проекта «Талдау мектебі. Алматы»
Жаннұр Еділбаева·