23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
– Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізіліп жатыр. Кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – деп хабарлады департаменттен.




