«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам қатысушыға тұрғын үй алу үшін несие берілді
Фото: Алматы әкімдігі Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында www.almaty-zhastary2025.kz сайты арқылы қатысушылардан 6 626 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта 3 040 жолдама беріліп, олардың ішінде 2 168 алматылық жеңілдетілген несие алып, баспана сатып алды, деп хабарлайды Toda

Фото: Алматы әкімдігі
Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында www.almaty-zhastary2025.kz сайты арқылы қатысушылардан 6 626 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта 3 040 жолдама беріліп, олардың ішінде 2 168 алматылық жеңілдетілген несие алып, баспана сатып алды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдері айтты.
Биыл жеңілдік санатындағы 48 кезекте тұрған азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттары тегін негізде берілді. Жалпы сома – 72 млн теңге.
Алматыда сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар санатындағы кезектегілерге жалдау ақысының 50%-ы көлемінде субсидия беріледі. Бағдарламаның операторы – «Отбасы банк» АҚ, өтінім онлайн қабылданады. Субсидия алатын 639 жалға алушының пәтері тексерілді.
Похожие материалы

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·