Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жауапсыз жалтақ жүргізуші: Алматыда автобус руліндегі жігіт телефонын шұқылаймын деп бойжеткенді қағып кетті

Оқиға Алмалы ауданындағы Төле би даңғылында тіркеліп отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 18 жастағы қызды қағып өткен. Жәбірленуші жедел ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Аталғ

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Жауапсыз жалтақ жүргізуші: Алматыда автобус руліндегі жігіт телефонын шұқылаймын деп бойжеткенді қағып кетті
Оқиға Алмалы ауданындағы Төле би даңғылында тіркеліп отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 18 жастағы қызды қағып өткен. Жәбірленуші жедел ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады.
– Жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің жолда телефонға алаңдауы – мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуы тиіс, өйткені оның назарында – адамдардың өмірі, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Бейнежазбадан автобус жүргізушісінің телефонға алаңдағанын байқау қиын емес. Алматы қаласы полициясы қоғамдық көлік және жеке автокөлік жүргізушілерін жолда сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырды.

Похожие материалы

Жауапсыз жалтақ жүргізуші: Алматыда автобус руліндегі жігіт телефонын шұқылаймын деп бойжеткенді қағып кетті · Todayinfo