«2023 жылы Тексеру комиссиясы Алматы әкімдігімен бірлесіп алғаш рет жергілікті бюджет нақтыланды және цифрландырылды. Кірістер мен шығыстар жинақталды, бюджет көздер бойынша сегменттелді, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, түрлеріне қарай бөлінді. 2023 жылға арналған бюджеттік жоспарлау бойынша құрылған цифрландырылған база 2024 жылдар бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша тарихи және болжамды деректерге орталықтандыру арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл түзетулер мен нақтылауларды ескере отырып, бюджеттің атқарылу барысына алдын ала бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді», - деді А.Бердіқұлов.Тексеру комиссиясының төрағасы Алматының бюджеті әлеуметтік бағдарланғанын және халықтың әл-ауқатына, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Алматыда өткен жылы салықтан 1,6 трлн теңге жиналды
Алматының жергілікті бюджеті алғаш рет 2023 жылы цифрландырылды Өткен жылы Алматының жергілікті бюджетіндегі түсімдер 1,6 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17% - ға артық. Бұл туралы Алматы Мәслихатының кезекті сессиясында Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Берд

Алматының жергілікті бюджеті алғаш рет 2023 жылы цифрландырылды
Өткен жылы Алматының жергілікті бюджетіндегі түсімдер 1,6 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17% - ға артық. Бұл туралы Алматы Мәслихатының кезекті сессиясында Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қаланың 2023 жылғы жергілікті бюджетінің атқарылуына оң баға беріп, хабарлады.
Салық түсімдерінен түскен кірістер 313,3 млрд теңгеге жоспарлы көрсеткішті асыра орындаумен 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы салық түсімдері бойынша көрсеткіштен 30% - ға артық, деп атап өтті А.Бердіқұлов.
Оның айтуынша, 2023 жылы салықтық емес түсімдер 28,5 млрд теңгені құрады. Жоспарды асыра орындау 82% немесе 12,8 млрд теңгені құрады.
Похожие материалы

Экономика
Qinghai Province and Almaty Region Deepen Partnership in Tourism, Green Technologies, and Investment
Айдар Керім·

Экономика
Первичка или вторичка? Эксперт рассказала, где сегодня выгоднее покупать квартиру в Алматы
Айдар Керім·

Экономика
Алматыда пәтердің шаршы метрі 1,5 млн теңгеге жетті: сарапшы түрғын үй нарығына шолу жасады
Айдар Керім·

Экономика
В Аральском районе открыт завод по производству высокосортной пищевой соли
Todayinfo редакциясы·