Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматыда тауға шығып, жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды

Алматы қаласының Медеу ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Теңіз деңгейінен шамамен 3700 метр биіктікте орналасқан «Локомотив» шыңы маңынан құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Todayinfo Алматы ТЖД - не сілтеме жасап. Бұған дейін жоғалған

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Алматыда тауға шығып, жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды

Алматы қаласының Медеу ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Теңіз деңгейінен шамамен 3700 метр биіктікте орналасқан «Локомотив» шыңы маңынан құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Todayinfo Алматы ТЖД - не сілтеме жасап.

Бұған дейін жоғалған үш адамның біреуінің денесі табылған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза болды.

«Хабар түскен сәттен бастап «Мыңжылқы» бөгеті ауданында жедел штаб құрылды. Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері, ҚР ТЖМ РЖҚЖ, құтқару қызметі, полиция, Альпинизм федерациясы және еріктілер жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару операциясына ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына шамамен 80 адам, 12 техника бірлігі, 4 кинологиялық есептоп және 4 ұшқышсыз ұшу аппараты қатысты. Жұмыстар биік таулы күрделі жағдайларда жүргізілді және төмен температура, сирек ауа, көшкін қаупі мен күрделі жер бедері авиацияны қолдануды шектеп, іздеу топтарының қозғалысын баяулатты.

Құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын, металл іздегіштерді, іздеу зондтарын және шанц құралдарын қолданды. Қолайсыз ауа райына байланысты қаза болғандардың денелері жаяу тәртіппен «Медео» құтқару бекетіне дейін жеткізілді. Марқұмдардың денелері полиция қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.

Фото: ТЖД Алматы

Похожие материалы

Алматыда тауға шығып, жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды · Todayinfo