Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматыда жер сілкінді: ТЖД тұрғындарға ескерту жасады

Алматылықтар 2 балдық жер сілкінісін сезді. Сейсмологтар қазір жағдайдың тұрақты екенін айтып, тұрғындардан жер сілкінісі кезінде 10 қарапайым әрекетті орындауды сұрады, деп хабарлайды Todayinfo . Жер сілкінісінің параметрлерін бастапқы ғылыми орталықтың сейсмологтары нақтылағанн

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Алматыда жер сілкінді: ТЖД тұрғындарға ескерту жасады

Алматылықтар 2 балдық жер сілкінісін сезді. Сейсмологтар қазір жағдайдың тұрақты екенін айтып, тұрғындардан жер сілкінісі кезінде 10 қарапайым әрекетті орындауды сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.

Жер сілкінісінің параметрлерін бастапқы ғылыми орталықтың сейсмологтары нақтылағаннан кейін қосымша ақпарат береді.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт пен баспалдақты қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Қорғанатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына тұрыңыз.

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз ( алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ тұрыңыз;

9. Жердің қайталап сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Похожие материалы

Алматыда жер сілкінді: ТЖД тұрғындарға ескерту жасады · Todayinfo